Басты

Түркі Мемлекеттері Ұйымы мен TİKA ынтымақтастықты күшейтуде

Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) тараптар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды.

Ыстамбұлдағы ТМҰ хатшылық ғимаратында өткен салтанатта ТМҰ бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев пен TİKA төрағасы Серкан Каялар екіжақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Омуралиев қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде бұл меморандум — ынтымақтастықты дамытуға, екіжақты ақпарат алмасуға және тәжірибе алмасуға бағытталған стратегиялық серіктестіктің бастамасы екенін атап өтті.

«Меморандумның мақсаты — тараптап арасындағы ынтымақтастықты нығайту, Аймақтық даму аясында серіктестікті дамыту және Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше мемлекеттерге тап болған мәселелердің ортақ шешімдерін бірлесіп табу», деп айтты Омуралиев.

TuraNews

Back to top button