ӘлемТуризм

Иран Орта Азия елдері үшін визалық талаптарды алып тастады

Иран 33 елдің, соның ішінде Өзбекстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінің азаматтары үшін визалық режимді алып тастады. Бұл туралы Иранның Туризм министрі Эззатолла Зарғами мәлімдеді, деп хабарлайды IRNA ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ Ресей, Беларусь, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Қырғызстан, Тәжікстан және т.б. үшін визалық талап жойылды. Бұған дейін визасыз кіру бағдарламасы Түркия, Әзербайжан, Оман, Қытай, Армения, Ливан және Сириядан келгендерге ғана қолданылған.

Министр бұл шешім туристер санын арттыруға және әлемнің түкпір-түкпірінен келушілерді тартуға бағытталғанын айтты.

Иранның статистика бюросының мәліметі бойынша, биылғы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында елге Тәжікстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан және Ауғанстаннан келген туристер саны 55 пайызға артып, 1 миллион 100 мың адамға жеткен.

TuraNews

Back to top button