Қоғам

Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Ақтау тұрғындары бүгін таңертең жер сілкінісін сезген. Қаланың төменгі шағынаудандарында тұратындар дүмпуді жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 9.20-да байқаған, деп жазады TuraNews.kz.

«СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық стансасында 7 желтоқсан күні Алматыдан 2289 км жерде, яғни Әзербайжан аумағындағы Каспий теңізінде жер сілкінісі болғаны тіркелген.

Жер сілкінісінің магнитудасы 5.7. Эпицентр координаты 41,09° с. е. 49,71° ш. б. Тереңдігі 35 км. МSК-64 шкаласы бойынша Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі сезілген», — деп хабарлады «СТӘЭ» ЖШС.

TuraNews

Back to top button