БастыҚоғам

Боран, көктайғақ: ТЖД ауа райына байланысты Астана тұрғындарына ескерту жариялады

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды TuraNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 4 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ, екпіні 25 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жазатайым оқиғаларға ұшырамас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болу керек екенін ескертеді.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

TuraNews

Back to top button