Қоғам

Түркістан: Сарыағашта жас кәсіпкер термопанель өндірісін жолға қойған

Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылының тұрғыны мемлекеттік грант аясында жеке кәсіпкер атанды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Ақжарлық көпбалалы әке, бүгінде 9 үйдің сыртын әрлеп, өз кәсібін дөңгелетуде. Ол мемлекеттік грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтарын түгелдей алып, қазіргі таңда термопанель өндіруді қарқынды қолға алған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген қаражаттың мақсатты жұмсалып, кәсіпкерлер қатарының артуы бірінші кезекте елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, әлеуметтің әлеуетін арттыруда тиімді тәсіл болмақ.

Айта кетейік, Түркістан облысында мемлекет қарастырған көмекке жүгінген азаматтар қатары жетерлік.

TuraNews

Back to top button