Қазақстандық Атлант мұхиты мен Жерорта теңізін жалғап жатқан Гибралтар бұғазын гидрокостюмсіз бағындырды. Ақтау тұрғыны Құрал Жоламан жүзу кросына қатысып 17 шақырымдық қашықтықты артта тастады, деп Jibek Joly сайтына сілтеме жасап Turanews.kz хабралайды
Ол испандық Тариф қаласынан Морокко жағалауына дейін 5 сағат 58 минутта жеткен. Отандасымыз бұл сынға Каспий теңізінде жүзіп, машықтанған. Онда жерлесіміз Еуропа мен Азияны ұштастыратын Босфор бұғазымен 6 жарым шақырымды жүзіп өткен.