Қоғам
Түркістан: 7164 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты
Түркістан облысында жыл басынан бері шаһарда жұмыспен қамту шараларымен 7164 тұрғын қамтылды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Қоғамдық жұмыс орындарына — 1264 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 201 азамат , алғашқы жұмыс орындарына- 118 азамат, Күміс жас жобасына-175 азамат, жастар практикасы бойынша — 629 тұрғын жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына — 4159 азамат орналасты.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант — 150 тұрғынға тағайындалды.
Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың шаралары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.