БастыҚоғам

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минут ішінде келді. Өрт сөндірушілер келген кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесі жанып жатты. Тұрғын үйдің 1-қабаты мен  жертөле үй-жайы хостел ретінде қайта жабдықталған. Өрттің жалпы  алдын ала ауданы 30 шаршы метрді құрайды.

«Қабылданған шаралармен өрт сағат 06:22-де сөндірілді. Өртті барлау және сөндіру барысында алдын ала 13 адам қаза тапты, жеке бас мәліметтері анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша улы газбен улану салдарынан қайтыс болған», — деп хабарлады департаменттен.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір өрт пен адамдардың қайтыс болу себебі анықталуда.

TuraNews

Back to top button