Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлова Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы TuraNews.kz хабарлайды.
Қордың мәліметінше, Бакудегі Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры ғимаратында Райымқұлованың қор президенті қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім өтті.
Райымқұлова 2023 жылғы 3 қараша күні Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті отырысында Түркі мемлекеттері елдерінің мемлекет басшылары қабылдаған шешімге сәйкес Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті атанды.