2023 жыл тоғыз айдың ішінде 2631 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 2261 тұлға куәландырылып – мүгедек болып танылған , 122 адам толық оңалтылған, ал 39 — науқас куәландырылуға негізсіз жіберілген және осы науқастар бойынша қоғамдық денсаулық сақтау баскармасына негізсіз жіберілгені туралы хабарлама жолданды , 209 тұлғаға жеке оңалту бағдарлама түзетілді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» бірлескен бұйрығын жұмысқа толық асыру және проактивті сырттай куәландыру бойынша Жетісай және Мақтарал аудандар бойынша 915 адам куәландырылған ,онын ішінде 819 адам мүмкіндігі шектеулі болып табылған , 41 — адам толық оңалтылған , ал 27 адам негізсіз жіберілген болып танылған, ЖОБ түзету 28 адам.
2023 жылы тоғыз айдын ішінде Жетісай және Мактаарал ауруханасының дәрігерлерімен бірлесе отырып 8 дөнгелек –үстел жүргізілді. Отырыс барысында: «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» бұйрығы бойынша және проактивті сырттай куәландыру нозологиясының толықтырылған мәселелері , «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы бойынша проактивті сырттай куәландыруға негіздігін сактап жіберу тұралы сұхбат және түсініктеме жұмыстары жүргізілді.