Қоғам

Халықтық кеңсе қызметіне 60 мыңнан астам азамат жүгінген

Түркістан қалалық Халықтық кеңсе қызметі жүйелі жұмыс істеуде. Жыл басынан бері мекемеде 3907 өтініш тіркелген. Оның 3421-ы жеке тұлғадан, 486-ы өтініш заңды тұлғадан түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1716 өтінішке азайған, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Көрсеткіштерге сәйкес, өтініштердің 3723-і орындалып, 184 өтініш қатыстылығына қарай тиісті органдарға жолданды. Ал 120 өтініш бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Өтініштердің 924-і тұрғын үй саласы, 846-ы жер қатынастары саласы бойынша болса, инфрақұрылым саласы бойынша – 605, құрылыс – 406, әлеуметтік сала – 301, кәсіпкерлік туризм саласы – 88, өзге мәселелер – 459, мәдениет, спорт – 156, ішкі саясат – 73, цифрландыру саласы бойынша 49 өтініш қаралған.
Аталған мекемеге Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың жеке қабылдауына жазылу үшін – 210 өтініш тасталған.

Шаһар басшысы 190 тұрғынды жеке мәселесімен қабылдап, тиісті бөлімдерге 245 тапсырма жүктеген. Оның бүгінде 240-ы орындалып, 5 тапсырма аясында жұмыстар жүргізілуде.

TuraNews

Back to top button