ӘлемБастыСаясат

ҚХР төрағасы Палестина мәселесі бойынша халықаралық конференция шақыруға үндеді

Қытай төрағасы Си Цзиньпин әлем қауымдастығын Палестина мәселесін шешу үшін халықаралық бейбітшілік конференциясын шақыруға шақырды. Бұл туралы ол Таяу Шығыс бойынша БРИКС-тің кезектен тыс онлайн саммитінде айтты, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Палестина мәселесі әділ шешілмейінше, Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздік болуы мүмкін емес», – деп келтірді ҚХР СІМ Си Цзиньпиннің сөзін.

Сондай-ақ С.Цзиньпин Палестина мен Израиль арасында кейінгі шиеленіс басталғаннан бері Қытай бейбіт келіссөздер мен атысты тоқтатуға белсенді түрде ықпал етіп келе жатқанын айтты. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің осы айдағы төрағасы ретінде Қытай гуманитарлық көмек пен дәліздер үшін жасалатын үзілістерді ұзартуды, бейбіт тұрғындарды қорғауды және гуманитарлық көмек көрсетуді көздейтін қарардың қабылдануына ықпал етті.

21 қарашада БРИКС елдері басшыларының Таяу Шығыстағы жағдайға арналған кезектен тыс онлайн саммиті өтті. Шараға Аргентина, Мысыр, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Эфиопия елдерінің өкілдер де келді. Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысты.

Саммит қорытындысы бойынша БРИКС елдерінің басшылары Таяу Шығыстағы, атап айтқанда, Газа секторындағы жағдай туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.

 

TuraNews

Back to top button