Тіршілікте ерлермен бірге еңбек етіп жүрген әйелдер өте көп. Отбасының ошағын сөндірмей балаға қарап жұбайына қолқабыс жасау оңай шаруа емес. Сондай тынымсыз жанның бірі Түркістан облысы Жетісай ауданы Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінің тұрғыны -Эльмира Қанайқызы, деп хабарлайды TuraNews.kz
Эльмираның негізгі мамандығы мұғалім, ауылдағы мектепте бастауыштан сабақ береді. Алматы қаласында жоғарғы оқу орнын бітіріп диплом алғаннан кейін ауылға келіп, өмірлік жолдасыммен танысып шаңырақ көтереді. Сол 14 жылдан бері балық ұстаумен айналысып келеді.
» Алғаш тұрмысқа шыққан кезде жұбайым балықтан әртүрлі тағамдар жасап көрсетті. Ауылда өскенім болмаса көп балықты танымайтын едім. Уақыт өте келе өзімде жасауды үйрендім. Менің негізгі ұстазым жұбайым — Бақытжан. Қазіргі таңда балықтан 10 нан астам тағам және салаттар жасап тиісінше сатып пайда көремін. Білген адамға балықтың пайдасы өте көп. Құдайға шүкір балаларымды ешқашан дәрігерге көрсеткен жоқпын, диспазия секілді аяқ аурулары болмаған. Бос уақытымда көлге түсіп қармақ пен балық аулаймын. Жұбайыма көмек беремін. Арасында жолдасым той жиындарға барып балықтан тағамдар жасап тұрады. Бір сөзбен айтқанда өзімізді өзіміз сүйреп келеміз. Балықтан тағамдар жасап беру бойынша халықтан тапсырыс көп түседі. Осындай тынымсыз еңбектің арқасында үй салдық алған несиелерімізді жаптық», дейді балықшы ұстаз Эльмира Төлеева.
Менен көбінесе балықтың сорпасын, хе деген салатын, бықтырма тағамдарын сұрайды. Балықты тандырдан бастап, қазанға, жер ошаққа пісіремін. Тиісінше әрқайсысының дәмі әртүрлі болады дейді жұбайы Бақытжан Қанатұлы.
Қосымша айта кететін болсақ, Эльмира бос уақытында» Instagram»әлеуметтік желісі арқылы өз оқырмандарына білегенімен бөлісіп сабақ өтеді.
Тіршіліктің тауқыметіне шыдамай ажырасып кетіп жатқан жандар қаншама. Бүгінгі кейіпкеріміз қай нәрседе болса да жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп берді.