Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен Ресей Федерациясына ұшты, деп жазады TuraNews.kz Ховар ресурсына сілтеме жасап.
Эмомали Рахмон Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.
Хабарланғандай, мемлекет басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізеді.
Эмомали Рахмон 23 қарашада ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Минск қаласына баруды да жоспарлап отыр.
Тәжікстан Президентімен бірге Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі, Тәжікстан Республикасы Президентінің сыртқы байланыстар мәселелері жөніндегі көмекшісі, қорғаныс, ішкі істер, экономикалық даму және сауда, индустрия және жаңа технологиялар, энергетика және су ресурстары, көлік, еңбек, көші-қон және жұмыспен қамту, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, мәдениет, қаржы министрлері, Сәулет және құрылыс комитетінің төрағасы, Кеден қызметі мен атқару қызметінің басшылары, Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының президенті және басқа да ресми тұлғалар еріп барды.