Экономика

Облыстық прокуратура инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуде

Түркістан облысының прокуратурасымен инвестордың электр энергия тапшылығы бойынша сұрағы шешілді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысының прокуратурасымен инвестициялық жобаларға сүйемелдеу жүргізілуде.

2020 жылы Польша елінің «Polcotton LTD» компаниясымен инвестициялық жоба — жылыжай кешенінің құрылысы (ауданы 11,5 га) жүзеге асырыла бастады.

Алайда жобаны жүзеге асыру барысында электр энергиясын жеткілікті көлемде алуда қиындықтар туындап, бұл жобаның тек 1-кезеңін жүзеге асыруға әкелді.

Инвесторға 7 МВт электр энергиясы берілді, ал кешеннің толық жұмыс істеуі үшін кемінде 15 МВт қажет.

Осы жылдың тамыз айында облыс прокуроры туындаған мәселелерді зерделеу және оның шешу жолдарын қарастыру үшін аталған нысанға келген.

Сайрам ауданында облыс әкімдігі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, қуаттылығы 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы базасындағы электр станцияның құрылыс жұмыстары басталғаны анықталды.

Электр станцияның құрылысы 2025 жылға аяқталады.

Осыған байланысты облыс прокуратурасымен Инвестор мен жауапты компания «ПГУ-Түркістан» ЖШС арасында келіссөздер жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні облыс прокуратурасы, әкімдік, Кәсіпкерлер палатасы, Инвестор және «ПГУ-Түркістан» ЖШС арасында электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы келісімнің арқасында Инвестор 9,5 га аумақта жылыжай кешенінің 2-кезеңінің құрылысын бастады, оның аяқталуы 2025 жылға дейін күтілуде.

TuraNews

Back to top button