Биыл Атырау облысына 21 537 адам көшіп келді
Биыл Атырау облысына 9 айда 21 537 адам көшіп келушілер көбейген. Оның ішінде өзге елдерден қоныс аударған 466 адам бар, деп хабарлайды TuraNews.kz Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Биыл 9 айда Атырау облысына көшіп келушілер қатары 21 537 адамға жетті. Оның ішінде сыртқы көші-қон бойынша 466 адам қоныс аударды. Мәселен, ТМД елдерінен 440 адам тұрақты тұруды мақсат еткен. Мәселен, Ресей Федерациясынан 213, Өзбекстан Республикасынан 205 мұнайлы өңірге көшіп келді. Ал, әлемнің басқа елдерінен келгендер – 26 адам, -деді Нұржан Құмарғалиев.
Оның айтуынша, көшіп келушілер арасында еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындары да бар. Биыл Атырау облысына басқа өңірлерден 5226 адам көшіп келген. Қоныс аударушылардың 15,7% – Астана қаласының, 5,5% – Түркістан, 18,4% – Ақтөбе облысының тұрғындары құрап отыр.
Ал, облыстың ішкі миграциясымен 15 845 адамды тұрғылықты жерін ауыстырған.