Әзербайжанның астанасы Бакуде Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) 40 жылдығын мерекелік шарамен аталып өтілді, деп хабарлайды TuraNews.kz .
Шара барысында СХТР-ның Әзербайжандағы өкілдігінің басшысы Уфук Тұрғанер қатысушыларға сөз сөйлеп, «Біз кезіккен барлық қиындықтарға қарамастан, Кипрдің түрік халқы бүгінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасының туы астында еркін өмір сүруде. Біздің күресіміз жалғасуда», — деді.
Шарада Әзербайдан Ұлттық Мәжілістің халықаралық қатынастар және парламентаралық байланыстар комитетінің төрағасы Самед Сейидов өз сөз кезегінде Әзербайжан мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы арасындағы берік байланыстарға тоқталып, саяси байланыстардың үздіксіз дамып келе жатқанын айтты.
Сейидов Әзербайжанның Солтүстік Кипрге қолдауына тоқталып, елдің Түрік мемлекеттері ұйымына бақылаушы мүше болып сайлануының тарихи оқиға екенін атап өтті.