Әзербайжан Францияның Арменияға қару жолдағанын айыптады, деп жазады TuraNews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айхан Хаджызаде Францияның Арменияға қару жолдауына байланысты мәлімдеме жариялап, «Армения мен Францияның аймақтағы қарулану саясатын тоқтауы, осы елдердің аймақта бейбітшілік пен ынтымақтастықтан басқа абалама жоқ екенін түсінуі керектігін» білдірді.
Хаджызаде «Францияның Арменияға шабуыл мақсатты сауытты көлік жолдауын айыптаймыз» деді. Ол Францияның осы қадамының аймақтағы жағдайды шиеленістіретінін айтты.
Қазан айында Франция мен Армения арасында қару саудасы және әскери көмек тақырыбында келісімге қол қойылған еді.