Экономика

Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымын екі миллиард долларға дейін ұлғайтуға ниетті

Қазақстан мен Қырғызстан өзара сауда көлемін 2 миллиард долларға дейін ұлғайтуға ниетті. Қазір өзара сауда бір миллиард доллардан әрең асады, деп хабарлайды Финпром.кз порталы.

Тараптар өзара тауар айналымын арттыру мақсатында Қырғызстаннан республикаға ерте көктемдегі жемістер мен көкөністерді жеткізуге мүдделі. Ал ЕАЭО елдерінің ішінде көрші ел отандық өнеркәсіптік және тұтынушылық тауарлар бойынша екінші орында тұр.

Айта кетейік, соңғы 2 жылда Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт 2,5 есеге өскен. Біздің елден Орталық Азия республикасына азық-түлік, мұнай мен газ, машина жасау, сондай-ақ химиялық өнімдер мен металдар жеткізіледі. Өз кезегінде Қырғызстаннан минералдық өнімдер, мал және өсімдік текті тауарлар мен және басқа да өнімдер импортталады.

Source
Jibek Joly

TuraNews

Back to top button