Астанада Ататүрктің өмірден озғанына 85 жыл толуына орай ресми рәсім өтті
Түркия Республикасының негізін қалаушы, әрі көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрікті дүниеден өткеніне 85 жыл толуына орай Астанада еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Елордадағы Ататүрік саябағындағы Ататүрік мүсінінің алдында ресми рәсім өтті.
Астанадағы Ататүрік саябағында өткен салтанатты шараға мемлекет қайраткерлері, елдегі дипломатиялық миссия қызметкерлері және түрік мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған салтанатты шарада Ататүрік дүниеден өткен сәт сағат 09.05-те бір минут үнсіздік жарияланып, екі елдің әнұраны шырқалды. Салтанатты шарада сөз сөйлеген Түркия елшісі Мұстафа Капужу Ататүріктің тек Түркия емес, түркі әлеміне де жақын екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастардың бүгінде нығайып келе жатқанына назар аударды.
Салтанатты шарада Ататүріктің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.