Солтүстіктегі ағайынның жағдайын біліп қайтты
Түркістандық жұмысшы топ Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы Привольное ауылына қоныс аударғандардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Түлкібас ауылының тумасы Нұрлыбек Қисықов 2018 жылы отбасымен бірге Солтүстік өңірге көшіп келген. Бүгінде Нұрлыбек осы ауылдағы мектепте жұбайымен бірге мұғалім болып қызмет атқарады.
Сонымен қатар, Привольное ауылында Жетісай қаласының бұрынғы тұрғыны Разия Ескендірқызы да тұрады.
Разия 2021 жылы отбасымен бірге көшіп келген. Оның айтуынша, теріскейде істейтін кәсіп көп, табыс та жоғары.
Бұл өлкеде 2020 жылғы қоныс аударушылар үшін 20 жер үй салынған.
Сонымен қатар, аталған ауылда Шымкент, Алматы қаласы, өзге де облыстардан келген азаматтар тұрып жатыр. Қоныстанған азаматтар қазіргі жай-күйлеріне дән риза.