Республика бойынша жыл басынан бері қатысушыларға 9000 грант беру жоспарланып, 9102 грант берілді. Шымкент қаласында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 452 грант берілді, оның ішінде: 42 – атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 89 – мүгедектігі бар адамдар, 212 – көпбалалы отбасылар, 73 – мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар, 36 – асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар алды.
Сонымен қатар, осы жылдың басынан бастап жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық микрокредит беру құралы іске қосылды. Республика бойынша 5,8 мың микрокредит беру көзделген, осы мақсаттарға 28,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Шымкент қаласында жас кәсіпкерлерге 261 микрокредит беру жоспарланған, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. 2023 жылғы 2 қарашадағы жағдай бойынша «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-да жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге барлығы 466 өтінім қабылданды. Конкурстық комиссияның қарауына 2,1 млрд теңге сомасына 426 өтінім жіберілді, оның 229-ы мақұлданды. Қазірдің өзінде 838,9 млн теңге сомасына 169 микрокредит берілді.
Мемлекеттік қолдаудың көмегімен бизнес-идеяларды сәтті іске асырудың мысалдарының бірі ретінде Шымкент қаласының тұрғыны Жадыра Қайболдиеваның жобасын атауға болады. 2019 жылы ол «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтті, ал 2020 жылы – 555 600 теңге сомасында грант алды.
«Бөлінген ақшаға киім тігетін және аксессуарлар шығаратын шағын цех аштым. Сондай-ақ, биыл мен өз ісімді одан әрі кеңейтуге 5 млн теңге сомасында 2,5%-дық микрокредит алдым», – деп бөлісті кәсіпкер.
Жадыра Қайболдиеваның айтуынша, несие қаражатына ол кесте тігу машинасын, өнеркәсіптік автоматты тігін машинасын, мата торлауға арналған машинаcын, бу генераторы бар үтіктеу тақтасын, бұрау машинасын, кескіш пышақты және т.б. сатып алған.
Сондай-ақ, кәсіпкер несиені 12 айға өтеу кезінде жеңілдік кезеңін рәсімдеу құқығын пайдаланды. Бүгінгі таңда 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.