Саясат

Петер Сийярто: Қазақстан – ЕО-ның Орталық Азиядағы тірегі

Еуропалық Одақ Қазақстанмен энергетика саласында тығыз ынтымақтастық байланыс орнатқысы келеді. Бұл туралы Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады TuraNews.kz.

«Біз Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық нығая түскенін қалаймыз, өйткені Еуропалық Одақ сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін әртараптандыру мүмкіндіктерін іздейді. Біз Орталық Азияның сенімді серіктес және әртараптандырудың абсолютті сенімді көзі бола алатынын көріп отырмыз», — деді Сийярто.

Министр ЕО Қазақстанды аймақтағы «негізгі тірек» санайтынын, сондықтан Астанамен ынтымақтастық осы еуропалық мақсатты жүзеге асыруға үлес қосуы керек екенін атап өтті. Венгрия мен Қазақстан арасындағы байланысқа тоқталған Сийярто экономикалық тұрғыдан 2023 жылды «ең өнімді» жыл деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қарашада премьер-министр Виктор Орбан Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ сапар барысында венгриялық компаниялармен олардың Қазақстандағы қызметі туралы келісімдерге қол жеткізілді.

3 қарашада Венгрия премьер-министрі Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысты.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button