БастыСпорт

Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасында ІІ Түркі универсиадасы басталды, деп жазады TuraNews.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Универсиадаға бұл жолы Қазақстан, Әзербайжан,Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан мен Түркия елдерінен 500-ден аса жас қатысуда. Олар спорттың шахмат, үстел теннисі, волейбол, дзюдо, футзал, грек-рим күресі, еркін күрес спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасады. Универсиаданың ашылу салтанаты бүгін ұйымдастырылғанымен жарыстар күні кеше басталып кетті.

TuraNews

Back to top button