Басты

Қазақстандық Түркия Түлектері Ассоциациясы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

Қазақстандық Түркия Түлектері Ассоциациясы Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Кездесу барысында Ассоциация Басқару кеңесу мүшелері Асылбек Разақов, Салтанат Назарымбетова, Ибрагим Ибадиллаев және Исламбек Шапенов ассоциация жайлы ақпарат беріп, Ассоциация атынан сыйлық табыстады.

«Түркия түлектері Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі Түркияның жоғарғы оқу орындарын бітіріп келген Қазақстандық түлектердің өз еркiмен құрылып, қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңы негiзiнде жүргiзедi. 2022 жылы ресми түрде құрылған ассоциация Түркияның жоғарғы оқу орындарын бітіріп келген Қазақстандық түлектер арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында өз қызметін жалғастыруда. 1992 жылдан бері 5800-ден астам қазақ жастары Түркия Үкіметі тарапынан оқу гранттарына ие болып, бүгінде Қазақстанда 8 мыңнан астам Түркия түлегі бар. Осы негізде ассоциацияның құрылу мақсаты – Қазақстандық Түркия түлектері арасында әлеуметтік, мәдени, ғылыми, кәсіби және басқа да өзара қарымқатынастарды дамыту және түлектер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты кеңейту болып саналады.

TuraNews

Back to top button