Қазақстан Венгриядан не импорттайды?
9 айдың қорытындысы бойынша жалпы сауда-саттық көлемі 125 млн долларды құрады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында айтты, деп жазады TuraNews.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Венгрия Қазақстанға жоғары қайта өңдеу өнімдері, телефон, азық-түлік өнімдерін және дәрілік заттарды жеткізеді. Мұнда фармацевтика дамыған, бұл ел сонымен де танымал. Биыл балық етінің жеткізілімі 2 есеге ұлғайды. Бұл негізгі өнімдердің бірі. Бүгін осы мәселе де көтерілуі мүмкін. Өкінішке қарай, Венгрия бойынша сауда-саттық көлемі оншалықты үлкен емес, бірақ бұл көрсеткіш өсіп жатыр және 25 пайызға өсіп отыр», — деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.
Оның айтуынша, тауарлар Венгрия теңіз, Хорватия арқылы тасымалданады.
«Экспорт көлемі төмен. 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы сауда-саттық көлемі 125 млн доллар болды. Оның көлемін қалай арттыруға болатыны туралы сөйлесетін боламыз. Ең әуелі бізге өзіміздің мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ашу керек»,- деді министр.