ФИФА өтінімдерді 31 қазанға дейін қабылдады, деп жазады TuraNews.kz BasSport.kz порталынв сілтеме жасап.
Соңғы сәтте Австралия өз кандидатурасын алып тастады.
Олар бар күшті әйелдер арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионаты мен 2029 жылғы Клубтық әлем чемпионатына салмақ.
ФИФА президенті Джанни Инфантино әлем чемпионатын Сауд Арабиясына беру туралы шешімге түсініктеме берді.
Әлемдегі ең үлкен шоу 2026 жылы Канада, Мексика және АҚШ, яғни Солтүстік Америкада ұйымдастырылады. Ал 2030 жылғы әлем чемпионаты Африкада (Марокко) және Еуропада (Португалия, Испания) өтеді. Одан кейін мерейтойға арналған 3 матч Оңтүстік Америкада (Аргентина, Парагвай, Уругвай) өтеді. Ал 2034 жылғы әлем чемпионатын Сауд Арабиясы қабылдайды. 3 турнир, 5 континент және 10 ел — бұл футболды, шынымен, жаһандық оқиға етеді, — деді ол.
Осылайша бұл қыста өтетін екінші әлем чемпионаты болмақ. Алғашқысы 2022 жылы Катарда өткен еді.
Сауд Арабиясында жалпы 48 команда бақ сынайды (бұрын 32 команда болған).