Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында қауіпті вирусты сырқат – қызылша өршуіне байланысты екі мектеп қашықтан оқытуға көшірілді, деп Кабар агенттігіне сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, мұндай шешімді эпидемияға және эпизоотияға қарсы арнайы комиссия шығарды.
«Осылайша, К.Закиров атындағы №2 орта мектептің және А.Усманова атындағы №7 мектептің оқушылары қызылша ауруының тарауына байланысты қашықтан білім алуға жіберілді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ бұл шешім арқылы Жалал-Абад қалалық білім бөліміне № 063 нысан негізінде ауруға қарсы екпеден бас тартқан немесе бірреттік екпе алған оқушылар санын нақтылау, әр мектеп және балабақшада дәрігердің тексеруіне және вакцина егуге арналған жеке бөлмелерді жабдықтау тапсырылған.