ӘлемБастыСаясат

Армения Таулы Қарабақ территориясын мойындады

Армения премьер-министрі Пашинян Гранадада Еуропалық саяси қоғамдастық саммитінде Әзербайжан аумағының тұтастығын мойындайтын декларацияға қол қойды, деп жазады TuraNews.kz сайты QHA агенттігіне сілтеме жасап.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Испанияның Гранада қаласында өткен жиналыста Әзірбайжанның 86 мың 600 шаршы метр аумағын мойындайтын декларацияға қол қойды. Осылайша, Пашинян Қарабақ аймағын қамтитын Әзербайжанның аумақтық тұтастығын да растады.

«Тараптар 2023 жылғы 14-15 мамырдағы Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишельдің мәлімдемесінде айтылғандай, Арменияның (29 800 м2) және Әзербайжанның (86 600 м2) аумақтық тұтастығы мен  шекараларының мызғымастығын және егемендігін өзара тануға негізделген, Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған барлық күш-жігерді ұстанады», — делінген декларацияда.

TuraNews

Back to top button