ӘлемСпорт

Бокс әлемінің жұлдыздары Ташкентте бас қосады

Бокс әлемінің аңыз адамдары Майк Тайсон, Эвандер Холифилд пен Костя Цзю биыл Өзбекстан астанасында өтетін Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBC) жыл сайынғы съезіне қатысады, деп ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап TuraNews.kz жазады.

Өзбекстан Кәсіпқой бокс федерациясының мәліметінше, WBC өзінің 61-ші конференциясын 12-17 қараша күндері аралығында Ташкентте өткізуді жоспарлап отыр. Алғаш рет Орталық Азияда өтетін айтулы шараға бокс әлемінің ең танымал жұлдыздары қатысады.

Белді спортшы Майк Тайсон Ташкентке келетінін мәлімдеді. Бұған дейін іс-шараға қатысатындарын Эвандер ХолифилдКостя Цзю сынды бокс жұлдыздары, сондай-ақ әлеуметтік желіде танымал блогер Абдурозик растаған болатын.

Съез ұйымдастырушыларының дерегіне сүйенсек, Ташкентке өзге де атақты боксшылардың келуі күтіледі.

Іс-шараның соңғы күні – 17 қарашада Ташкенттегі «Хумо Арена» спорт кешенінде ауқымды кәсіпқой бокс кеші өтеді.

TuraNews

Back to top button