Әлем
Osiris-Rex ғарыш кемесі қайта оралды
Салмағы шамамен 250 грамм болатын үлгіні әкелген капсула Юта шөліне келіп қонды.
Бенну астероидынан алынған үлгілерді зерттеуге жіберілген NASA-ның «Osiris-Rex» ғарыш кемесі Жер шарына келді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.
Салмағы шамамен 250 грамм болатын үлгіні әкелген капсула Юта шөліне келіп қонды.
Осы үлгі Жер шарына жіберілген ең үлкен астероид үлгісі болды.
Анализі жүргізілетін Бенну астероидының үлгісі арқылы Күн жүйесінің тарихы туралы мәлімет алынады. Сонымен бірге зерттеушілер ғаламның қалыптасуы жөнінде іздерді іздейтін болады.