ӘлемБасты

Әзербайжан парламентінің депутаты Ганира Пашаева өмірден өтті

Әзербайжан Парламентінің (Милли Мәжілісінің) депутаты, Парламент Мәдениет комитетінің төрағасы Ганира Пашаева кеше 28 қыркүйекте қайтыс болды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Пашаева 24 қыркүйекте шығу тегі белгісіз гипотония диагнозымен ауруханаға түсті.

Депутат Бакудегі Орталық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқан болатын. Пашаеваның емделуіне Түркиядан да медицина мамандары тартылған.

Екі жоғары білімі бар Пашаева, 1975 жылы 24 наурызда Товуз қаласында дүниеге келген.

Ганира Пашаева кәсіби мансабын 1998 жылы теледидардан бастап, ұзақ уақыт Әзербайжанның жетекші медиа құрылымдарында жұмыс істеген.

2005 жылы Гейдар Әлиев қорының баспасөз қызметін басқарды. Сол жылы ол алғаш рет Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Пашаева парламенттің үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарының депутаты болды.

Кәсіби шеберлігінің, туған жеріне деген сүйіспеншілігінің және қоғамның дамуына үлес қосуға деген ұмтылысының арқасында Пашаева Әзербайжанда ғана емес, сонымен қатар шетелде, атап айтқанда Түркияда жоғары бағаға ие болды.

Сондай-ақ, Пашаева бірқатар ұйымдардың мүшесі болған;
— Ұзақ жылдар Әзірбайжан-Түркия жұмыс тобының мүшесі,
— 2006 жылдан бастап Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы Әзербайжан делегациясының белсенді мүшесі,
— Еуропа Кеңесінің «еуропалық демократтар тобының» мүшесі,
— Теңдік және кемсітпеушілік комитетінің және Көші-қон, босқындар және қоныс аударғандар комитетінің толық мүшесі және Саяси істер және демократия комитетінің ротативтік мүшесі болды.

Source
Агентсво Анадолу

TuraNews

Back to top button