Әлем

Түркиядан 43 мыңға жуық заңсыз мигрант депортацияланған

2023 жылдың 1 маусым мен 22 қыркүйек аралығында Түркия 42 мың 875 заңсыз мигрантты елден шығарған, деп жазады TuraТews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистердің сұрағына жауап берген Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерлікаяның айтуынша, соңғы төрт айда 43 мыңға жуық заңсыз мигрант елден шығарылған. Осылайша визасы мен уақытша тұру мерзімі аяқталған 105 мың 488 шетелдік ұшаққа мініп, елден кеткен.

Министрдің айтуынша, бұған дейін бұл көрсеткіш 89 мыңды құраған.

Сондай-ақ, Ерлікая заңсыз мигранттар негізінен Ауғанстан, Пәкістан, Өзбекстан, Иран шекараларынан келетінін атап өтті.

Айта кетейік, бірінші желтоқсаннан бастап Түркия аумағында «Мобильді миграция нүктесі» жобасы іске қосылады. Қолданба аясында барлық жерде куәлік тексерісі жүргізіледі.

TuraNews

Back to top button