Қоғам

«Қазақ тілі алаяқтан құтқарады»: астаналық жастар мемлекеттік тілді білудің артықшылықтары туралы арнайы бейнеролик түсірді

Елорда жастары қазақ тілін білудің артықшылықтары туралы бейнеролик түсірді. Қызықты видеоның авторлары «болашақ — қазақ тілінде» деген тақрыпты көтере келіп, неліктен баланы қазақ сыныбына беру керек екенін түсіндірген, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Бейнеролик сюжеті бойынша, кейіпкерлердің біріне алаяқтар хабарласып, орыс тілінде мәліметтер сұрайды. Алайда оған қазақша жауап берген кейіпкердің сөзін алаяқ түсінбейді.

«Тілдерді білу сізді үлкен жетістікке жетелейді. Бірақ кейде ана тілімізді білмей, алаяқтардың құрбанына айналуымыз мүмкін! «Қазақ тілі алаяқтардан құтқарады. Ана тіліңді біл!», — деп жазған видео астына авторлар.

TuraNews

Back to top button