1887 жылы Ливанның Сайда қаласында табылған және Стамбулға әкелінген Ескендір саркофагі 25 тонна салмағымен әлемнің ең үлкен саркофагтерінің бірі болып табылады.
Ескендір саркофагін Сайда қазба жұмыстары кезінде алғаш археолог және түрік мұражайтану ғылымының негізін қалаушыларының бірі болып қабылданатын Осман Хамди бей тапты. Осман Хамди бей 1887 жылы Сайдадағы қазба жұмыстары кезінде патша зиратын ашты. Бұл қабірлерден 22 патша саркофагі шығарылды.
Сайда патшаларына тиесілі саркофагтердің жер асты қабірлерінен табылуы халықаралық толқулар туғызып, еуропалық және американдық журналдарда жарық көрді. Табылған маңызды саркофагтер Стамбулға әкелінді. Олардың қатарындағы Ескендір саркофагі болса археология әлемінің жауһарларының бірі деп қабылданады.
Саркофаг жоғары рельефті техникасы, бояулары және ерекше әшекейлерімен Стамбул Археология мұражайының ең маңызды туындыларының бірі.
Сайда патшасы Абдалонимосқа тиесілі деп қабылданған саркофаг біздің дәуірімізге дейінгі 4-ғасырға жатады. Саркофагтің ұзын беттерінің бірінде Македония патшасы Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) парсылармен соғысын бейнелейтін рельефтер жасалған. Саркофагтің екінші ұзын бетінде болса достық пен аңшылық көріністері бейнеленген.
Дизайны ежелгі грек храмдарын еске түсіретін саркофаг Грекияның әйгілі пентеликалық мәрмәрінен жасалған. Ерекше рельефтермен безендіріліп, боялған Саркофагтің кім тарапынан жасағаны белгісіз.
1999 жылы Ескендір саркофагінің Түркиядағы түпнұсқасынан бес есе кішкентай көшірмесі жасалып, Жапонияның Кашивазаки түрік ауылындағы көрмеге жіберілді.
Саркофагтің тағы бір көшірмесі болса, 2014 жылы Скопьеде ашылған Македония Мемлекеттік археологиялық мұражайына қойылды.