Әлем

Таулы Қарабақ әскерлері қару-жарақ пен әскери техниканы тапсыра бастады

Мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының қарулы бөлімдері Әзірбайжан билігіне қару-жарақ пен әскери техниканы тапсыра бастады, деп жазады Turanews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.

«Қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес, Қарабақ қарулы күштері Ресей бітімгершілік күштерінің бақылауындағы қару-жарақты тапсыра бастады», — делінген РИА Новости хабарында.

Хабарда айтылуынша, 6 броньды техника, 800-ден астам оқ ататын және танкке қарсы зеңбірек, сондай-ақ 5 мыңға жуық оқ-дәрі тапсырылған.

TuraNews

Back to top button