Қоғам

Елімізге ұрланған көліктің қандай маркалары жиі әкелінеді?

Қылмыскерлер ұрланған көліктерді көбіне Ресейден Қазақстанға алып өтпек болады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне cсілтеме жасап.

«Еліміздің аумағына заңсыз кіргізілген көліктердің көбісі Ресей Федерациясының аумағында ұрланғаны анықталды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ең көп ұрланатын көлік маркалары Ресейде өндірілген автомобильдерге қатысты. Сонымен қатар, Toyota, Mazda, Hyundai, Audi маркалары да жиі ұрланады», — делінген Ішкі істер министрлігінің ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.

Осы орайда ведомство мамандары сатып алатын автокөлікті тиісті тексеруден өткізу керек екенін түсіндірді.

«Ескі автокөлікті (Қазақстан Республикасында тіркелген) сатып алу кезінде негізгі құжаттардың бар екеніне және олардың түпнұсқа екеніне көз жеткізу керек. Бұдан кейін көлікті егжей-тегжейлі тексеру керек. Тексеруді арнаулы техникалық қызмет көрсету станциясында жүргізген жөн. Онда олар құжатта және автокөліктің өзінде көрсетілген нөмірленген тетіктердің сәйкестігін тексере алады. Сонымен қатар, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлікті қайта тіркеу кезінде салық пен айыппұл бойынша қарыздың бар-жоғын, іздеуде тұруы мүмкіндігін тексеруге болады», — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

TuraNews

Back to top button