ӘлемТуризм

Ташкент пен Анкара арасында жаңа рейс ашылады

Түркия мен Өзбекстан арасында рейс санын көбейту және жаңа бағыттарды ашу туралы келісім негізінде Uzbekistan Airways Ташкент-Анкара-Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстерді ашады, деп хабарлайды Turanews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме беріп.

Компания мәліметінше, қысқы маусымда осы бағытта аптасына бір рейс орындамақ.

Өзбекстан мен Түркия арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында 15-16 маусымда Ыстамбұлда өткен екі елдің авиация әкімшіліктерінің кездесуінде келісімге қол жеткізілген еді.

TuraNews

Back to top button