Туризм

Елімізде туризм саласына 4 млрд доллар инвестиция тартылды

Соңғы үш жылда Қазақстанның туристік саласына $4 млрд көлемінде инвестиция тартылып, 400-ден астам туристік нысан салынды. Сондай-ақ, өткен жылы инвестиция көлемі 513,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет отандық туризмді дамыту үшін жеке капиталды белсенді түрде тартуда. Өткен жылдан бастап мемлекеттік қолдау шараларымен туризм объектілерін салу, тау шаңғысы курорттарын дамыту және туристік автобустар сатып алу жөніндегі жобалар қамтылды. Сондай-ақ туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін субсидиялар беріледі. Бұдан басқа, ел ішінде саяхаттайтын Қазақстан азаматтары үшін балалар авиабилеттері субсидияланады. Шетелдік инвесторларды тартуға, оның ішінде түрлі преференциялар беру арқылы ерекше көңіл бөлінеді», деп айтты ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

TuraNews

Back to top button