СаясатТехнология

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте Илон Маскпен кездесу өткізді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маскпен кездесті. Бұл жайында Анадолы агенттігі хабарлайды.

Президент Илон Маскты Нью-Йорктегі Türkevi-нде қабылдады. Маск қонаққа ұлын ертіп келді.

Президенттік коммуникациялар кеңсесінің мәлімдемесіне сенсек, Ердоған Маскке Түркияның технологиялық жетістіктері, Digital Türkiye Vision бағдарламасы және ұлттық жасанды интеллект стратегиясы туралы баяндап берген.

Ол Tesla-ның түрік нарығына шығуы Togg өндірісінің іске қосылуымен тұспа-тұс келгенін еске салды.

Ердоған Tesla компаниясының жетінші зауытын Түркияда салуға шақырды.

Кездесуде президент Ердоған Түркия жоғары технология саласындағы ең маңызды өндіруші елдердің бірі екенін айтып, елдің ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы жетістіктерін мысалға келтірді.

Маск келешекте соғыстар қазіргі заманғы ұшқышсыз ұшақтар арасында жүргізілетінін және әлемнің Bayraktar-дың ұшқышсыз ұшу аппаратына деген қызығушылығын білетінін айтты.

Түркия президенті Маскты Измирдегі Teknofest фестиваліне шақырды.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button