БастыЭкономика

Қазақстан Гонконгқа ет экспорттауды көздеп отыр

Қазақстан Гонконгқа сиыр, шошқа, құс етін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Қазақстанның Cауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Гонконгқа сапары аясында Гонконгтың Коммерция және экономикалық даму хатшысы Алджернон Яумен кездесуінен мәлім болды,деп жазады Turanews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, кездесуде талқыланған басты мәселелердің бірі қазақстандық агроөнеркәсіптік өнімдерінің экспорты болған.

«Гонконг аумағында егістік жерлер мен табиғи ресурстар аз. Жыл сайын халық санының өсімін ескере өңір бүкіл әлемнен азық-түлік тауарларын 95%-ға дейін импорттайды. Ол үшін арнайы әкімшілік ауданда рұқсат етілген өнімді әкелудің либералды режимі құрылды. Арман Шаққалиев қазақстандық жоғары сапалы және таза өнімдерді жеткізуді ұлғайтуды ұсынды. Бұл ет (сиыр еті, шошқа еті, құс еті), өңделген тағамдар, премиум сегменттегі өнімдер мен тағы басқалар»,-делінген хабарламада.

Бұл ұсынысты Қытай тарапы қолдап, азық-түлік экспорттаушы компаниялардың өкілдіктерін Гонконгта ашуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірген.

Гонконг ҚХР-мен сыртқы экономикалық байланыста маңызды рөл атқарады, Азияның ең ірі қаржы орталығы және Оңтүстік Қытайдың маңызды сауда-көлік торабы болып келеді. Гонконг экономикасы инвестицияларды қорғаудың жоғары деңгейімен және сауда мен капиталды ілгерілетуде минималды шектеулермен ерекшеленеді.

TuraNews

Back to top button