БастыСаясатЭкономика

Корея Қазақстанмен өнеркәсіпті дамыту тәжірибесін бөліскісі келеді

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Корея Республикасының елшілігі өнеркәсіп пен экономиканы дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агеннігіне сілтеме беріп.

«Соңғы 10 жылда еліміздің экономикасы нақты мәнде 36,4% өсті. Дегенмен, барлық ішкі ресурстар, пайдалы қазбалар және бос жерлер әлеуетін ескерсек, одан да көп нәрсе жасауға болар еді. Қазақстанның агроөнеркәсіпті, мұнай химиясын дамытуда, сирек кездесетін металдарды өңдеуде елеулі мүмкіндіктері бар. Алдыңғы қатарлы әлемдік стандарттарға шығу үшін ғылымның, адами капитал мен технологияның дамуы синтезіне көңіл бөлуіміз керек», — деді ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов «Корея өнеркәсібін дамыту тәжірибесін Қазақстанның болашағын пайымдауда қолдану мүмкіндіктері мен шектеулері» семинарында.
Оның айтуынша, Қазақстанда Оңтүстік Корея капиталының қатысуымен 500-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

«Біздің елдеріміз арасында жалпы сомасы 4,5 млрд болатын 58 бірлескен инвестициялық жоба бар. Корея – Қазақстанның маңызды серіктесі, ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарында және инвестициялар көлемі бойынша 6-орында тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 6 млрд доллардан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі еседен астам (231%) өсуді көрсетеді», — деді Е. Тұқымов.

Институт басшысы екі елдің жетекші талдау орталықтары арасындағы берік сараптамалық диалог экономика мен мемлекетаралық қатынастардың дамуына ықпал ететінін жеткізді.

Өз кезегінде Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-ик Кореяның материалдық көмек алатын әлемнің ең кедей елінен экономикалық тұрғыда мықты державаға айналып, елді демократияландыру мен индустрияландыруда жетістікке жеткенін атап өтті.

Бүгінгі семинар арқылы Қазақстанмен өздерінің даму тәжірибесін бөлісу маңызды екенін қоса айтты.

TuraNews

Back to top button