ӘлемҚоғамСпорт

Қазақстан — Солтүстік Ирландия матчы ЭКСПО сахнасында тікелей көрсетіледі

ЭКСПО алаңында «Футбол жолы» спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Спорт фестивалі 10 қыркүйекте сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін өтеді.

Іс-шара аясында ЭКСПО алдындағы алаңның жазғы сахнасында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі өтеді.

Сондай-ақ, жиналғандардың алдында M’Dee өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия матчы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін стадионға арнайы автобустар қатынайды.

Матчқа байланысты жолдардың бір бөлігі жабылады, сол себепті ертерек шығып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Сонымен қатар ойынды тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев матч алдындағы баспасөз мәслихатында Солтүстік Ирландияға қарсы ойынға дайындық туралы айтты. Айтуынша, ел құрамасы сапында өзгерістер болады.

TuraNews

Back to top button