ӘлемБасты

Мароккода қаза тапқандар саны 1,3 мыңнан асты

Өткен түні Мароккода болған жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар саны жергілікті сағат 19.00-дегі (GMT+1) жағдай бойынша, 1305 адамға жетті. Тағы 1832 адам зардап шекті, олардың 1220-сы аса ауыр халде, хабарлайды EFE агенттігі.

Елдің Ішкі істер министрлігі жариялаған соңғы мәліметке сәйкес, мерт болғандар саны ондаған провинцияда тіркелді: жер сілкінісі ошағына жақын орналасқан Марракештің оңтүстігіндегі Эль-Хаузда 694 адам көз жұмды, одан кейін тізімде Тарудант (347 адам мерт болды), Чичауа (191), Уарзазат (39), Марракеш (14), Азилал (11), Агадир (5), Касабланка (3), Аль-Юсуфия (1) және Тингуир (1) тұр.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button