Әлем

Қырғызстанда депутат паранжаға тыйым салуды ұсынды

Қырғыз елінде қоғамдық орындарда бетті толығымен жасыратын паранжа киюге заңнамалық деңгейде тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Жогорку Кенешінің отырысында депутат Шарапаткан Мәжитова мәлімдеді, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сідтеме жасап.

Парламентарийдің пікірінше, соңғы кездері елде орамалдың орнына бет-жүзін толығымен бүркейтін қара паранжа киетін әйелдер саны өскен. Ш.Мәжитова Қырғызстан Өзбекстаннан үлгі алып, қоғамдық орындарда адамның бетін жасырып, тұлғасын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім киюге тыйым салатын дәл осындай заңды қабылдауы керек деп санайды.

«Мен әйелдердің орамал тағуына қарсы емеспін. Бірақ, қоғам үшін өзін танытуға мүмкіндік бермей, беттерін қара жамылғымен жабуды қауіпті деп санаймын. Бұл ұлттық қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты министрлер кабинетінен мемлекеттік деңгейде шаралар қабылдауды сұраймын», — деді депутат.

TuraNews

Back to top button