ӘлемҚоғам

Түркиядағы жол апаты: Тағы бір қазақстандық ауруханада көз жұмды

Түркияда жол апатына ұшыраған отбасының отағасы да көз жұмды, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Растаймыз. Ұлдарын туыстары алып кетті, ол Қазақстанда. Осы отбасының үш мүшесінің мүрделерін бүгін Қазақстанға жібереді», — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қыркүйек күні Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуы салдарынан журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан мен 2 жасары қызы оқиға орнында қайтыс болды.

Ал отбасының отбағасы жансақтау бөліміне түскен еді. 2014 жылы туған ұлдары да ауруханада болды. Оның денсаулығына аса қауіп төнбеген.

TuraNews

Back to top button