Еуропа Одағы (ЕО) Ресейді Қаратеңіз астығы бастамасына қайта қосылуға шақырды, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Еуроодақ комиссиясының баспасөз өкілдерінің бірі Питер Стано Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі және Еуроодақтың Қаратеңіз астық бастамасына қатысты тұғыры туралы сұраққа жауап берді.
ЕО-ның Ресейден 17 шілдеде бас тартқан келісімге қайта оралуын және Украина астығының әлемдік нарықтарға экспортталуына кедергі болатын шабуылдарды тоқтатуын күтетінін айтқан Стано сөзін былай жалғастырды: «Ресей Украина астығының әлемдік нарыққа шығарудың ең қолайлы жолын жауып тастап отыр. Бұны қыбыйдай алмаймыз. Ресей қазіргі уақытта порт инфрақұрылымдарына, астықтың Украинадан шығуының балама жолдарына шабуыл жасауда. Бұл Ресей әрекетінің жағымсыз жағын көрсетеді».