ӘлемБасты

Ливандағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды

Әзербайжанның Ливандағы елшілік ғимараты алдына жиналған армян текті топ бояу және жарылғыш бөтелкелермен шабуыл жасады, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Ливанда акция ұйымдастырған 50-ге жуық армян текті адамның елшіліктің әкімшілік ғимаратының айналасындағы қоршауларды бұзып, бояу мен жарылғыш заттар салынған бөтелкелерді лақтырғанын хабарлады.

Шабуыл салдарынан елшілік қызметкерінің зардап шекпегені айтылған мәлімдемеде «Оқиға туралы дипломатиялық өкілдіктерді қорғауға жауапты мекемеге хабарланған соң тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп келді, дегенмен сол кезде арандатушылар аймақтан қашып үлгерді» делінді.

Елшілікке жасалған бұл шабуылға қатысты қылмыскерлерді анықтау және ұстау үшін Ливан Сыртқы істер министрлігіне нота жіберіліп, тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады» делінді.

Мәлімдемеде Ливандағы елшілік ғимараты мен айналасында қауіпсіздік шараларының күшейтілгені және шабуылға қатысты тергеудің жалғасып жатқаны атап көрсетілді.

TuraNews

Back to top button