ӘлемҚоғам

Жапония демографиялық дағдарыспен қалай күресіп жатыр?

2022 жылы Жапония халқының саны 122 млн 423 038 адамды құрап, 801 мың адамға азайды, бұл 1968 жылдан бері бүкіл 47 префектурада тіркелген халық санының ел тарихындағы ең елеулі төмендеуі болды, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Жапонияда туған балалар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға азайып, 371 052-ні құрады.

Бұл дерекке Жапонияда туған шетелдіктердің балалары да кіреді.

Жапон билігі елдегі демографиялық үрдісті жою үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алуда.

2023 жылдың сәуірінде Жапония премьер-министрінің жетекшілігімен Балалар мен отбасы жөніндегі жаңа агенттік құрылды.

Жылдық бюджеті 36 миллиард долларды құрайтын жаңа департамент туу көрсеткішіне, сондай-ақ балаларға зорлық-зомбылық пен кедейшілікке қарсы күрес мәселелерімен айналысады.

Фумио Кисида басқаратын жапондық министрлер кабинеті алдағы үш жылда бала күтіміне жұмсалатын жыл сайынғы шығындарды 2024 жылдан бастап 3,5 триллион иенге (25 миллиард доллар) арттыруды жоспарлап отыр.

Жапон үкіметінің басшысы мұндай шығындарды бір балаға шаққандағы отбасылық жәрдемақы құны бойынша ЭЫДҰ мүшелері арасында жетекші орын алатын Швеция деңгейіне дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Ұлттық демографиялық зерттеулер және әлеуметтік қамсыздандыру институтының мәліметі бойынша, 2070 жылға қарай Жапонияда туу көрсеткіші 500 мыңға дейін төмендеуі мүмкін.

TuraNews

Back to top button