1991 жылы 31 тамызда, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация» туралы қаулы қабылдады, деп жазады Turanews.kz.
Осы тарихи құжатқа сәйкес, Қырғыз Республикасы тәуелсіз, егемен, демократиялық мемлекет болып жарияланды.
1991 жылы бұл күні, ҚР Жоғары кеңесінің кезектен тыс сессиясы «Қырғыз Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация» туралы қаулы қабылдаған еді. Сол тарихи актіге сәйкес, Қырғызстан тәуелсіз, егемен, демократиялық мемлекет ретіндежарияланды.
Мемлекеттік тәуелсіздік туралы декларацияның қабылдануы Қырғызстанның жаңа тарихындағы жаңа кезеңге бастау салды. Бұл тарихи құжаттың ерекше маңыздылығы сол, ол мемлекет егемендігін бекіту кезеңіне заңды түрде бастау берді. Бұл ел тәуелсіздігі заңнамалық тұрғыдан бекіді, және елдің кезекті әрекеттері жаңа құқықтық алаңда өрбиді дегенді білдірген еді.